Үкімет басшысы рейстердің негізсіз кешігуін сынға алды

Үкіметте әуе рейстері мәселесі талқыланды

Sarbaz.kz редакторы
19/12/2023 - 22:47

Фото: selfmadetrip.com

Фото: selfmadetrip.com

Өзекті проблема – саланы кадрлармен қамтамасыз ету. Бүгінде ұшқыштар, инженерлер мен техникалық персоналдар жетіспейді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында айтылды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«Рейстердің кешігуі де қалыпты әдетке айналып барады. Оған қолайсыз ауа райы ғана себепші емес. Сондықтан әуе компаниялары жолаушылар мен ұшақтарға қызмет көрсету сапасын жақсартып, әуе паркін кеңейтуі қажет», — деді Үкімет басшысы.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Премьер-Министр әуежайлар аумағында мультимодальды көлікті пайдалану мүмкіндігін беру мәселесін пысықтауды, транзиттік жүктерді рәсімдеуді жеңілдетіп, тиісті технологиялық процестерді оңтайландыруды тапсырды.

Одан бөлек Үкімет басшысы қажетті авиаотын көлемімен қамтамасыз ету шараларын қабылдау, оны сақтауға арналған тиісті инфрақұрылымды құру, сондай-ақ азаматтық авиация саласында мамандар даярлау үшін қосымша гранттар бөлуді қамтамасыз ету қажеттігін айтып өтті.

Тегтер

×

Редакция

$ 475.39  513.37  5.4