Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе рейсі қашан ашылатыны белгілі болды

Соңғы 2 жылда Доха, Милан, Әбу-Даби сынды басқа да 32 халықаралық авиамаршрут ашылды

Нұрдәулет Кәкіш
19/12/2023 - 22:21

Фото: kursiv.media

Фото: kursiv.media

2024-2025 жылдары Қазақстаннан Мумбай, Токио, Сингапур, Шанхай және Нью-Йорк қалаларына жаңа әуе рейстері ашылады. Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысында мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

«Ішкі әуетасымалдауда 5 қазақстандық әуетасымалдаушы компания жұмыс жүргізеді. Аптасына 644 әуерейсі орындалады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 7 пайызға артық. Ұшу қолжетімділігін қамтамасыз ету және ішкі туризмді дамыту мақсатында авиамаршруттарды субцидиялау механизмдері қолданылады. Биыл 9 облыстағы 23 авиамаршрутты субцидиялауға республикалық бюджеттен 6 млрд 900 млн теңге қаржы бөлінді. Келесі жылы бұл сома тағы да ұлғайып, 8 млрд 200 млн теңгеге артады. », - деді Көлік министрі.

Оның айтуынша, халықаралық бағыттар бойынша Қазақстан 28 елге 110 маршрут қарастырылған.

«Соңғы 2 жылда Доха, Милан, Әбу-Даби сынды басқа да 32 халықаралық авиамаршрут ашылды. Алдағы 2024-2025 жылдары Мумбай, Токио, Сингапур, Шанхай және Нью-Йорк қалаларына рейстер ашылатын болады. Биыл Қазақстанға шетелдік 6 авиакомпанияға рұқсат берілді. Оған қоса «Ашық аспан» режиміне түзетулер енгізіліп, әуе еркіндігінің бесінші дәрежесін пайдалануға барлық шектеу алынып тасталды», - деді Марат Қарабаев.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91