Қазақстандық авиакомпаниялар жыл басынан бері 12,3 млн жолаушы тасымалдады – министр

Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысында мәлім етті

Нұрдәулет Кәкіш
19/12/2023 - 21:24

Фото: kapital.kz

Фото: kapital.kz

Биылғы 11 айда отандық авиакомпаниялардың қызмет көрсетуімен 12 млн 300 мың жолаушы тасымалданды. Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысында мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

«Бұл өткен жылмен салыстырғанда 23 пайызға жоғары. Жыл қорытындысы бойынша аталған көрсеткішті 13 миллионға дейін жеткізу жоспарлануда. Әуежайларда қызмет көрсету көлемі 25 пайызға артып, 24 млн жолаушыны құрады. Айтарлықтай өсім Алматы және Астана әуежайларында байқалады. Онда рекордтық көрсетекішке қол жеткізіліп, 7-9 млн жолаушыға қызмет көрсетілді. Сондай-ақ әуежайлардағы жүк көлемі де артып, жыл басынан бері 130 мың тоннаны құрады. Яғни өсім – 16 пайыз», - деді Марат Қарабаев. 

Оның атуынша, әуежайдағы қызмет сұранысы артып келе жатқанына байланысты инфрақұрылымдарды жақсарту жалғасуда.

«Алдағы жылдың наурыз айында Шымкент, мамыр айында Қызылорда, маусым айында Алматы қалаларындағы жаңа әуежай жолаушылар терминалының құрылысы аяқталады. Аталған жұмыстарға 150 млрд теңгеден астам жеке инвестиция тартылды. Жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде Алматы қаласы әуежайының өткізу қабілеті 5 есе, Қызылорда әуежайы 6 есе және Шымкент әуежайы 7 есе ұлғаятын болады», - деді министр.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85