Елімізде әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамту мәселесі қалай шешіліп жатыр

Тұрғын үйге 37 мыңға жуық адам мұқтаж

Sarbaz.kz редакторы
19/12/2023 - 18:54

Фото: Қорғаныс министрлігі

Фото: Қорғаныс министрлігі

Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Ол үшін қорғаныс ведомствосы бірқатар тұрғын үй бағдарламаларын әзірлеуде. Sarbaz.kz редакциясы министрлікке әскери қызметшілерге арналған тұрғын үй бағдарламасының негізгі ережелерін түсіндіру туралы сауалнама жолдады.

Министрліктің ресми жауабында қазіргі уақытта 12 мыңнан астам әскери қызметші қызметтік тұрғын үйде тұрады, оның ішінде 8 мыңға жуық әскери қызметшіге жекешелендіруге жатпайтын қызметтік тұрғын үй берілген және қазіргі тұрғын үй төлемдерінің 50%-ын алады.

«Қалған әскери қызметшілер, яғни тұрғын үйге мұқтаж 37 мыңға жуық адамның ай сайын екінші деңгейлі банктердегі жеке арнайы шоттарына тұрғын үй төлемдері беріледі. Олардың негізгі бөлігін тұрғын үйді ипотекаға сатып алуға бастапқы жарнаны жинақтауға, ал қалған ай сайынғы ағымдағы тұрғын үй төлемдерін – тұрғын үйді жалға алуға пайдаланады.

Тұрғын үй төлемдерін жүзеге асыру тетігі қарапайым: әскери қызметшінің жеке арнайы шотына отбасы мүшелерінің санына және қызмет атқару аймағына байланысты ақша аударылады. Қолма-қол ақшаны үй сатып алуға да, жалға алуға да пайдалануға болады.

Бұл тәсіл тұрғын үй төлемдерін жинақтауға және ипотекаға тұрғын үй сатып алуға ғана емес, сонымен қатар тұрғын үйді жалға алуға немесе кейіннен сатып алу арқылы тұрғын үйді жалға алуға ақы төлеуге, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу кезінде жарналарды төлеуге, тұрғын үй және тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу кезінде жарналарды төлеуге, сондай-ақ тұрғын үй есебінен жеке тұрғын үй салуға құқық береді», - делінген Қорғаныс министрлігінің Sarbaz.kz редакциясына берген жауабында.

Қазақстанның Қорғаныс министрлігі оны жақсарту мақсатында қолда бар тетікті үнемі өзектендіріп, жетілдіріп отырады.

Айта кетейік, қазіргі уақытта әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету екі жолмен жүзеге асырылуда – бұл қызметтік тұрғын үй беру және тұрғын үй төлемдерін жүзеге асыру.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91