АҚШ Қызыл теңізде әскери операция бастағанын хабарлады

Операция «Өркендеу қамқоршысы» деп аталды

Ануар Маратов
19/12/2023 - 15:47

Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Хуситтердің сауда кемелеріне соққыларының аясында Пентагон Қызыл теңізді қорғау үшін көпұлтты операцияның басталғанын жариялады, деп Sarbaz.kz тілшісі Пентагонға сілтеме жасап хабарлайды.

«Бұл ұжымдық әрекетті қажет ететін халықаралық мәселе. Сондықтан бүгін мен Біріккен теңіз күштерінің қолдауымен және оның Қызыл теңіздегі қауіпсіздік мәселелерімен айналысатын 153 жедел тобының басшылығымен маңызды жаңа көпұлтты қауіпсіздік бастамасы «Өркендеу сақшысы» операциясының басталғанын жариялаймын.

Барлық елдер үшін кеме қатынасының еркіндігін қамтамасыз ету және өңірлік қауіпсіздік пен өркендеуді нығайту мақсатында «Өркендеу қамқоршысы» операциясы бірнеше елді, оның ішінде Ұлыбритания, Бахрейн, Канада, Франция, Италия, Нидерланд, Норвегия, Сейшел Аралдары және Испания елдері Қызыл теңіз бен Аден шығанағының оңтүстігіндегі қауіпсіздік мәселелерін бірлесіп шешеді», - деп АҚШ Қорғаныс министрі Ллойд Дж. О́стин III баспасөз хабарламасында мәлімдеді.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85