Қазақстанның үш өңірінде ауа райына байланысты жол жабық

Аяз күшейіп, көктайғақ орнап, жаңбыр жауып тұр

Sarbaz.kz редакторы
19/12/2023 - 15:01

Фото: el.kz

Фото: el.kz

ҚазАвтоЖол үш облыста республикалық маңызды автожолдардың 3 учаскесінде көлік қозғалысы шектелгенін еске салды. Аталған аймақтарда аяз күшейіп, көктайғақ орнап, жаңбыр жауып тұр, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Жамбыл облысында — 1 учаске (79 км)

— «Алматы-Ташкент-Термез» а/ж 159-238 км, Кенен ауылы — Қайнар ауылы (Жаңа Қордай асуы)

Тыйым барлық көлік түрлеріне арналған.

Ақтөбе облысында — 1 учаске (176 км)

— «Самара-Шымкент» а/ж 526-702 км. Батыс Қазақстан облысының шекарасы — Маржанбұлақ ауылы.

Шектеу жүк және қоғамдық көліктерге қолданылады. 

Батыс Қазақстан облысында — 1 учаске (132 км)

 «Самара-Шымкент» а/ж 394-526 км. Жымпиты кенті — Ақтөбе облысы шекарасы. 

Тыйым жүк және қоғамдық көліктерге арналған. 

Республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп ұстауға 363 техника жұмылдырылды.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91