Қазақстандық компанияның АҚШ санкцияларына түскені рас па?

Ұлттық экономика министрлігі «Elem group» компаниясына қатысты мәлімдеме жасады

Админ
18/12/2023 - 23:05

ҰЭМ

ҰЭМ

Биылғы 7 желтоқсанында «Elem Group» ЖШС АҚШ Сауда министрлігінің Өнеркәсіп және қауіпсіздік бюросының тізіміне («entity list») енгізілді, деп хабарлайды Sarbaz.kz ҰЭМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2023 жылдың мамыр айынан бастап «Elem group» ЖШС сыртқы сауда қызметін жүргізбейтінін атап өткен жөн. Енгізілген шектеулер бұдан былай АҚШ жеткізушілері аталмыш тізімге енген компанияларға арнайы лицензиясыз америкалық тауарларды жібере алмайтындығын білдіреді, - деп түсіндірді министрлік.

АҚШ Сауда министрлігінің шектеулеріне ұшыраған компаниялар америкалық контрагенттермен жұмыс істеуді қоспағанда, өз қызметін жалғастыра алады. Тізімде Германия, Жапония, Бельгия, Ұлыбритания сынды т. б.  дамыған елдердің кәсіпорындары да бар.

Бұл қайталама санкциялар еместігін ескеру маңызды. Яғни, АҚШ Қаржы министрлігінің Шетелдік активтерді бақылау басқармасының (OFAC) санкциялар тізіміне жатпайды (SDN list), - деп мәлімдеді ҰЭМ.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85