Үкімет қаулысы жобасының толық мәтінімен 29 желтоқсанға дейін танысуға болады
Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 22 ақпандағы № 73 «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін бұзушы әуе кемелері бойынша қару мен жауынгерлік техниканы қолдану қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Үкіметінің қаулысының жобасын дайындады, деп хабарлайды Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет қаулысы жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында биылғы жылдың 29 желтоқсанына дейін «Ашық НҚА» бөлімінде мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14855567 сілтеме бойынша танысуға болады.