Бүгін бірнеше өңірде қар қалың түсіп, көктайғақ болады

Алматыда кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі

Админ
18/12/2023 - 15:09

pixabay.com

pixabay.com

Синоптиктер 18 желтоқсанда бірнеше өңірде қар қалың түсіп, көктайғақ болатынын болжады, деп хабарлайды Sarbaz.kz «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі. Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында екпіні 15-20 м/с.

Алматыда кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысының түнде батысында, күндіз батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Абай облысының орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Күндіз облыстың таулы аудандарында жаяу бұрқасын, солтүстігінде көктайғақ. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында 15- 20 м/с.

Шымкентте түнде және таңертең тұман күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, орталығында қатты қар күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. 18 желтоқсанда оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91