Белгілі балалар жазушысы әскери қызметшілердің балаларымен кездесті

Кездесу Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының басқармасында ұйымдастырылды

Админ
17/12/2023 - 23:25

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Белгілі балалар жазушысы және меценат Рима Абықаеваның әскери қызметшілердің балаларымен және "Жас сарбаз" республикалық балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілерімен кездесуі өтті, деп хабарлайды Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы кездесудің алдында Рима Абықаева десанттық-шабуылдау әскерлері әскери қызметшілерінің балаларына 30 мың данадан астам өз кітабын сыйға тартқан болатын.

Кітаптар Алматы, Қонаев және Жетісу гарнизондарының әскери бөлімдері арасында біркелкі бөлініп, мектеп кітапханаларына, қарамағындағы балабақшаларға және "Жас сарбаз" әскери-патриоттық қозғалысының қорына берілді.

Сегіз жыл ішінде жазушы қазақ, орыс және ағылшын тілдеріне аударылған 140 000-нан астам кітап шығарды. Оның шығармалары балаларға мейірімділік, жақындарына деген сүйіспеншілік, жануарларға адамгершілік қатынас, табиғатқа ұқыпты қарауға тәрбиелейді.

Мен балаларым болған кезде балалар шығармаларын жаза бастадым. Алдымен олар қысқа өлеңдер мен ертегілерден тұрды. Мен оларға тәрбиелік мән беруге тырыстым. Бұл үйде көмектесу, отбасыма сүйіспеншілікпен қарау секілді маңызды тақырыптар. Немерелерім дүниеге келген кезде мен оларға да ертегілерімді айта бастадым. Олар сәбилерге ұнады, ал қызым шығармаларды жазып, басып шығаруға кеңес берді, - дейді Рима Абықаева.

Бүгінгі таңда автордың "Күлкілі әріптер", "Диннің шытырман оқиғалары", "Қоян Тим және оның достары" және тағы басқа үш тілде жарық көрген шығармалары көптеген мектептердің бастауыш сыныптарында үш тілді дамыту бағдарламасы бойынша оқулық ретінде қолданылуда. 

Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Алмаз Жұмакеев жазушыға баға жетпес сыйлық үшін шын жүректен алғысын білдірді. Ол кітаптар кітапхана сөрелерінде лайықты орын алады және әскери қызметшілердің балаларын тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады деп сендірді.

Шығармалардың авторы үшін сахнадан "Жас сарбаз" әскери-патриоттық қозғалысы тәрбиеленушілерінің орындауында ең ұнаған шығармалардың әндерден үзінділер орындалды.

Айта кету керек, іс-шара және кітаптардың кеңінен таралуы әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс жөніндегі қызметтің ұйымдастыруымен өтті.

×

Редакция

$ 471.83  505.66  5.4