Дәл қазір республикалық маңызы бар автожолдарды тазалауға 288 техника жұмылдырылды
Ауа-райының нашарлауына байланысты (ауа температурасының төмендеуі, жауын-шашын, боран, екпінді жел, шектеулі көрініс) 2 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 2 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Sarbaz.kz Қазавтожол баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жамбыл облысында - 1 учаске (95 км)
1. "Алматы-Ташкент-Термез" а/ж, Кенен а.– Қайнар а. (Жаңа Қордай асуы) -95 км;
Жетісу облысында - 1 учаске (100 км)
1. "Үшарал-Достық" Көктұма ст. – Достық ст. - 100 км.
Шектеу барлық көлік түрлеріне қолданылады.
Дәл қазір республикалық маңызы бар автожолдарды тазалауға 288 техника жұмылдырылды.