«Астана» өңірлік қолбасшылығында өнерпаз жас сарбаздар марапатталды

Олар өнер додасында жүлделі ІІІ орын иеленген болатын

Sarbaz.kz редакторы
15/12/2023 - 23:50

«Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің 06708 әскери бөлімінде Республикалық «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық әндер фестиваліне қатысып, «Фольклор» номинациясы бойынша жүлделі ІІІ орын иеленген өнерпаз жас сарбаздарға құрмет көрсетілді. Бұл туралы Sarbaz.kz Приозерск гарнизонының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

06708 әскери бөлімі командирінің міндетін уақытша атқарушы подполковник Нүркен Жүнісалиев жас сарбаздарға «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының атынан келіп түскен марапаттарды салтанатты түрде табыс етті.

Айта кетейік, «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер қозғалысының бес жылдығына арналған әскери-патриоттық әндер фестивалінің қорытынды кезеңі Қазақстан Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының үлкен сахнасында өткен болатын.

Өнер додасына еліміздің барлық өңірлерінен жиналған «Жас сарбаз» қозғалысының 150-ден астам тәрбиеленушісі ән айтып, күй шертіп, би билеуде өз шеберліктерін көрсете білді. Жас таланттардың өнері «Вокал», «Фольклор» номинациялары бойынша бағаланды.

Тегтер

×

Редакция

$ 471.83  505.66  5.4