Әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасына – 80 жыл: Алматыда салтанатты жиын өтті

Қатысушыларды 97617 әскери бөлімінің командирі полковник Әділ Сүбебаев атаулы күнмен құттықтады

Sarbaz.kz редакторы
26/07/2023 - 15:25

Осы айтулы күнге орай Алматы қаласындағы Офицерлер үйінде салтанатты шара өтті, деп хабарлайды Sarbaz.kz ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиынға әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің басшылық құрамы, әскери қызметшілер, бөлім ардагерлері және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.

Қатысушыларды 97617 әскери бөлімінің командирі полковник Әділ Сүбебаев атаулы күнмен құттықтады. Ол еліміздің әуе шебі қорғаудағы бөлім жеке құрамының рөлін ерекше атап өтті. 

«Әскери бөлімнің әскери қызметшілері Қарулы күштердің жауынгерлік әлеуетін нығайтуға елеулі үлес қосып келеді. Олар «Жауынгерлік достастық», «Туған жер қалқаны», «Батыс» және басқа да халықаралық және республикалық оқу-жаттығулар барысында өздерінің кәсіби деңгейінінің жоғары екенін бірнеше рет көрсетті. Біздің бөлімде патриотизм мен Отанға жанқиярлықпен қызмет ету дәстүрлері абыройлы іс, бұл жауынгерлік дәстүр ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді», – деді бөлім командирі.

Бөлімнің мерейтойына орай кітап шығарылып, деректі фильм түсірілген. Онда әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасының тарихындағы маңызды кезеңдер көрсетіледі.

97617 әскери бөлімінің тарихы Ұлы Отан соғысы жылдарынан басталады. 1943 жылдың мамыр-маусым айларында Ростов облысының жоғарғы Тарасов станциясында Дала майданының 46-армиясында 1651-ші ӘШҚҚ армия артиллериялық полкі құрылды. 1943 жылы 25 шілдеде оған полктің Қызыл Туы берілді. Бұл күн әскери бөлімнің құрылған күні ретінде тарихта қалды.

Полктің жеке құрамы Будапешт пен Венаны азат етуге қатысты. Соғыстан кейін ол Австриядан Чехословакияға дейін марш жасады. Онда Нейм-Бенешев қаласында бейбіт уақыттағы жауынгерлік оқуды бастады. Сондай-ақ 1961 жылы полк 97617 әскери бөлімі ретінде қайта құрылды. 1996 жылы Қазақстанның Қорғаныс министрі Мұхтар Алтынбаевтың Әуе шабуылына қарсы қорғанысы әскерлерінің Туы мен бөлімнің Жауынгерлік туын тапсыруы маңызды сәт болатын.

Салтанатты жиын барысында ерекше көзге түскен әскери қызметшілер мен мерзімді қызметтегі сарбаздарға мерейтойлық медальдар табыс етілді.

Жиын соңы Алматыдағы Ұлттық әскери-патриоттық орталығы филиалының шығармашылық ұжымының және бөлімнің әскери қызметшілері дайындаған мерекелік концертпен аяқталды.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85