Израильдің Газа секторында қолданып жатқан бомбаларының жартысы басқарылмайды – CNN

Израильдің «ақылсыз бомбаларды» қолдануы бейбіт тұрғындардың есепсіз құрбан болуына әсер етуі мүмкін

Sarbaz.kz редакторы
15/12/2023 - 21:28

Фото: Anadolu

Фото: Anadolu

АҚШ-тың барлау қызметінің мәліметі бойынша, Израильдің 7 қазаннан бастап ХАМАС-қа қарсы қақтығыста Газа жерінде пайдаланған «әуе-жер» оқ-дәрілерінің жартысына жуығы – басқарылмайтын бомбалар. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі CNN-ге сілтеме жасап хабарлайды.

CNN ақпараты бойынша Израиль пайдаланған 29000 «әуе-жер» оқ-дәрілерінің шамамен 40-45 пайызы басқарылмайды.

Басқарылмайтын оқ-дәрілер әсіресе, Газа сияқты тығыз қоныстанған ауданда бейбіт тұрғындарға үлкен қауіп төндіреді. Израильдің «ақылсыз бомбаларды» қолдануы бейбіт тұрғындардың есепсіз құрбан болуына әсер етуі мүмкін.

Израиль қорғаныс күштерінің өкілі Нир Динар CNN-ге берген жауабында «Біз қолданатын оқ-дәрілердің түрін қарастырмаймыз» деп жауап берді.

«Халықаралық құқық пен моральдық мінез-құлық кодексін ұстанатын әскери адамдар ретінде біз бейбіт тұрғындарға зиянды азайту үшін үлкен ресурс бөлеміз. Біздің соғыс Газа халқына емес, ХАМАС-қа қарсы жүргізіліп жатыр», - деді Израиль әскерінің өкілі майор Керен Хаджиоф.

Бірақ сарапшылардың пікірі мүлдем басқаша. Егер ЦАХАЛ басқарылмайтын оқ-дәрілерді АҚШ келтірген мәліметтерге сәйкес қолданса, бұл Израильдің Газадағы бейбіт тұрғындардың құрбан болмауы үшін тырысады деген пікірін жоққа шығарады.

Айта кетейік, АҚШ президенті Джо Байден Израильдің Газа секторында  бомбаларды жөн-жосықсыз қолдануын сынға алған болатын.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91