Ресейге тиесілі дрон Румыния жеріне құлады

Дрон жерге құлаған бетте жарылды

Sarbaz.kz редакторы
15/12/2023 - 18:49

Фото: itcrumbs.ru

Фото: itcrumbs.ru

Румыния Қорғаныс министрлігі 14 желтоқсанда түнде Одесса облысына соққы кезінде ресейлік Герань-2/Shahed-136 камикадзе-дрондардың бірі құлап, Румыния аумағында жарылғанын мәлімдеді, деп Sarbaz.kz тілшісі Румыния Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Дронның жарылысынан Гринду ауылының жанында тереңдігі 1,5 метр болатын шұңқыр пайда болды. Ол Украинаның шабуылға ұшыраған Рени портынан шамамен 8 шақырым жерде орналасқан. Ықтимал қауіптің алдын алу үшін румындық F-16 және неміс Eurofighter Typhoon ұшақтары әуеге көтерілді.

«Ұлттық Қорғаныс министрлігі Ресей Федерациясының Дунайдағы украин порттарындағы кейбір нысандар мен азаматтық инфрақұрылым элементтеріне жасаған шабуылдарын ерекше сынға алды. Бұл шабуылдар негізсіз және халықаралық гуманитарлық құқық нормаларына айтарлықтай қайшы келеді», - деп Румыния Қорғаныс министрлігі қортындылады.

Украинаның шекаралас Рени қаласының портына шабуыл кезінде Румыния аумағына дрондар осыған дейін де құлаған.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91