Қазақстандық әскери қызметшілер Әзербайжанға барды
Қазақстан делегациясы ҚР Қарулы күштері Бас штабы бастығының орынбасары – Жедел жоспарлау департаментінің бастығы генерал-майор Марат Аймашевтың басшылығымен Бакуде өткен сарапшылардың жұмыс кездесуіне қатысты. Бұл туралы Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Іс-шара екі елдің қорғаныс ведомстволары басшылары деңгейінде бұрын қол жеткізілген әскери саладағы өзара іс-қимылды кеңейту жөніндегі уағдаластықтарды ескере отырып ұйымдастырылып отыр.
Сапар барысында тараптар жедел жоспарлаудың өзекті аспектілері бойынша пікір алмасып, практикалық қызығушылық тудыратын салаларда әскери ынтымақтастықты жүйелеу мәселелері пысықталды.
Кездесу Қазақстан мен Әзербайжан қорғаныс ведомстволары арасындағы Әскери ынтымақтастық жоспарына сәйкес өтті.