Елдің әскери қауіпсіздігі: депутаттар мен әскерилер маңызды мәселелерді талқылады

Әскерилер мен депутаттар аумақтық қорғанысты құқықтық қамтамасыз ету мәселелерін талқылады

Sarbaz.kz редакторы
14/12/2023 - 23:27

Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов пен ҚР Парламенті Мәжілісі Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспанның қатысуымен жұмыс кеңесі өтті. Бұл туралы Sarbaz.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қорғаныс министрлігі басшылығының өкілдері мен депутаттар азаматтарды мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуге барынша кеңінен тартуға бағытталған іс-шараларды қамтитын аумақтық қорғаныстың жұмыс істеуін жетілдіру және құқықтық қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.

Аумақтық қорғанысты нығайту әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы стратегиялық бағдарламалық құжаттарда өзектілігі айқын көрсетілген. Бұл мәселелерді Президент бүкілармиялық кеңесте де атап өткен болатын.

Отырысқа қатысушылар «Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы туралы» Заң жобасын және аумақтық қорғанысты дамыту жөніндегі кешенді жоспарды әзірлеу барысын қарады.

Іс-шара қорытындысы бойынша заңнамалық тұрғыда іске асыру үшін қосымша пысықтауды талап ететін негізгі аспектілер айқындалды.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91