Қарулы Күштердің қандай бұйрықтарына өзгерістер енгізіледі?

Бұйрық жобасының толық мәтіні «Ашық НҚА» бөлімінде жарияланған

Sarbaz.kz редакторы
14/12/2023 - 22:20

Фото: Қорғаныс министрлігі

Фото: Қорғаныс министрлігі

ҚР Қарулы күштері Тыл бастығының басқармасы қорғаныс ведомствосы басшысының кейбір бұйрықтарына өзгерістер дайындады. Бұл туралы Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Аталған түзетулер тылдағы қамтамасыз ету процестерін бюрократсыздандыру және қорғаныс ведомствосының кейбір нормативтік актілеріндегі құқықтық олқылықтарды жою мақсатында енгізіледі.

Бұл өзгерістер «Мемлекеттік авиацияда авиациялық жанар-жағармай материалдары мен арнайы сұйықтықтардың сапасын қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 393; «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде тамақтануды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 4 тамыздағы № 414; «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің келсімшарт бойынша әскери қызметшілерін негізгі азық-түлік үлестерінің белгіленген нормалары бойынша тамақтандыруды қамтамасыз етуге мүмкін болмаған кезде жалпы әскери үлес құны мөлшерінде ақшалай өтемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 8 тамыздағы № 431; «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери киім нысанын киіп жүру және айырым белгілерін, сондай-ақ басқа да белгілерді тағып жүру қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 24 тамыздағы № 476, «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері мен мекемелеріне техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін монша кір-жуу комбинаттары жұмыскерлері санының нормативтерін бекіту туралы» 2016 жылғы 14 желтоқсандағы № 595 бұйрықтарына қатысты.

Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде биылғы жылдың 29 желтоқсанына дейін танысуға болады.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91