Қазақстанда жыл соңына дейін қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту қоры құрылады

Бұл отандық қорғаныс кәсіпорындарын төмен пайыздық мөлшерлемемен қаржыландырады

Ануар Маратов
14/12/2023 - 20:31

Фото: Kazakhstan Paramount Engineering

Фото: Kazakhstan Paramount Engineering

Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту қорын құру бойынша жұмыс белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Азамат Бейісбеков мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«Біз барлық келісімдерді алдық, Үкімет отырысында дауыс беру өтіп, қаулы қабылданатын болады. Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту қоры құрылады. Содан кейін оны толтыру мәселелері көтеріледі. Жұмыс белгіленген тәртіппен жүріп жатыр», - деп түсіндірді вице-министр.

Осыған дейін Қазақстанда қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту қоры құрылатыны хабарланған болатын. Жарғылық капитал 266 млн теңгені құрайды. Бұл қаражат акционерлік қоғамның жұмысын ұйымдастыруға арналған. Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту қоры отандық қорғаныс кәсіпорындарын төмен пайыздық мөлшерлемемен қаржыландыратын болады.

Қазіргі уақытта Қазақстанда осы салада 47 компания белсенді жұмыс істейді.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91