Автопилот ақауына байланысты Tesla 2 млн көлігін кері қайтарды

Кері қайтарудың 2015 жылдан бері АҚШ-та сатылған, автопилотпен жабдықталған барлық Tesla көліктеріне қатысы бар

Админ
14/12/2023 - 16:46

Фото: ixbt.com

Фото: ixbt.com

Илон Масктың Tesla компаниясы америкалық реттеуші компания көліктерінің автоматты басқару жүйесіндегі қауіпті ақауларды анықтағаннан кейін екі миллионнан аса электр көлігін кері қайтарып жатыр. Бұл туралы Sarbaz.kz ВВС жаңалықтарына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұған автопилот қосулы кезінде көліктерде болған апаттарға қатысты екі жылдық тергеу себеп болды.

Кері қайтарудың 2015 жылдан бері АҚШ-та сатылған, автопилотпен жабдықталған барлық Tesla көліктеріне қатысы бар.

Бұл – Tesla көліктерінің биыл екінші рет кері қайтарылуы.

Иелеріне көліктерін сату және қызмет көрсету орталықтарына апарудың қажеті жоқ. Компания бағдарламалық қамтамасыз ету үшін қажетті микробағдарламаны интернет арқылы тікелей электр көліктерінің борттық компьютерлеріне жіберетінін айтты.

Алайда бұл бәрібір ресми түрде кері қайтару болып саналады.

×

Редакция

$ 479.05  534.57  5.17