Газадан Түркияға тағы 68 науқас жеткізілді

Науқастардың 37-сі сәби мен бала болса, 31-і – ересек

Нұрдәулет Кәкіш
13/12/2023 - 21:10

Түркияның Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа Газадан Түркияға тағы 68 науқастың жеткізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі TRT агенттігіне сілтеме жасап.

Министр Кожа Мысырдың «Ел Ариш» әуежайынан Түркияның Ұлттық Қорғаныс министрлігіне тиесілі ұшақпен Түркияға емделуге жеткізілген газалық 68 науқас пен олардың  61 күтушісін «Этимесгут» әуежайында қарсы алды.

Министрдің мәліметінше, науқастардың 37-сі сәби мен бала болса, 31-і – ересектер. Олардың 4-уі онкологиялық ауруға шалдыққан.

Фахреттин Кожа науқастардың арасында Израильдің әуе шабуылдары кезінде жарақат алған және әлеуметтік желідегі суреттерімен танымал Ритал есімді қыздың да болғанын хабарлады.

Науқастардың «Этлик» және «Билкент» қалалық ауруханаларына жеткізілетінін айтқан Кожа сөзін былай жалғастырды:

«Бұған дейін 114 науқас жеткізілген болатын. Соңғы 68 науқасты қосқанда Түркияға келген газалық емделушілер саны 182-ге жетті», - деді Фахреттин.

Тегтер

×

Редакция

$ 475.39  513.37  5.4