Израиль Газа секторын жөн-жосықсыз бомбалауына байланысты жаһандық қолдаудан айырылуы мүмкін – Байден

Израильдің әскери соққыларына наразылық артып барады

Ануар Маратов
13/12/2023 - 20:37

Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

АҚШ президенті Джо Байден Израиль Газа секторын жөн-жосықсыз бомбалауына байланысты жаһандық қолдаудан айырыла бастайды деп мәлімдеді. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Оның бұл пікірі Израиль басшылығына қатысты ең қатал сындардың бірі болды.

Байден Израильге ХАМАС-тың 7 қазан күнгі шабуылынан бері тоқтаусыз қолдау көрсетіп келген. Ол Израильдің АҚШ-тың қолдауына сенім арта алатынын айтқанмен Израиль үкіметіне тікелей ескерту жасады.

«Израиль Газаны жөн-жосықсыз бомбалауынан кейін Еуропаның қолдауынан айырылады. Дегенмен ХАМАС-пен күресуде ешқандай күмән жоқ әрі оған Израиль толық құқылы», - деді ол.

Айта кетейік, Газаның Денсаулық сақтау министрлігі 7 қазаннан бастап Израильдің бомбалауынан 18 400-ден астам адам қаза тапты деп мәлімдеді.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91