Аяз қашан басылады: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Синоптиктердің айтуынша Қазақстанның шығысында төмен, аязды температура сақталады

Sarbaz.kz редакторы
13/12/2023 - 20:27

Фото: qazaqstan.tv

Фото: qazaqstan.tv

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 14-16 желтоқсан күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Болжамға сәйкес, алдағы үш тәулікте Қазақстанның көптеген облысында жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталады, ал аяз біртіндеп төмендей бастайды.

Синоптиктердің айтуынша Қазақстанның шығысында төмен, аязды температура сақталады. 15-16 желтоқсанда елдің батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтал бөліктер әсеріне қар жауады.

Республиканың батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жел күшейеді, боран, таулы аудандарда тұман, республиканың батысында құмды дауыл күтіледі.

«Түнде ауа температурасы біртіндеп көтеріледі деп болжанады: батыста 5-15 градус аязға дейін, солтүстік-батыста және орталықта 10-25 градус аязға дейін, солтүстікте 17-28 градус аязға дейін, оңтүстікте 5-18 градус аязға дейін, оңтүстік-шығыста 10-25 градус аязға дейін, Қазақстанның шығысында 30-40 градус аяз сақталады», - делінген хабарламада.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91