Газа секторында 18 мыңнан аса адам қаза болды

50 мыңнан аса палестиналық жараланды

Sarbaz.kz редакторы
13/12/2023 - 18:37

Фото: Sameh Rahmi / NurPhoto via Getty Images

Фото: Sameh Rahmi / NurPhoto via Getty Images

Газа секторында ХАМАС пен Израиль арасындағы қақтығыс басталған 7 қазаннан бері 18 400-ден астам палестиналық қаза болды. Бұл туралы Газа секторының денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Анадолу агенттігі таратқан ақпаратқа сәйкес, Израильдің Газа секторындағы әскери операцияларынан барлығы 18 412 палестиналық қаза тауып, 50 100 адам жараланғанын айтты.

«Соңғы бірнеше сағат ішінде ауруханаларға қаза тапқан 207 адамның мәйіті жеткізілді. Сондай-ақ Израиль шабуылдарынан тағы 450 палестиналық жараланды», - делінген министрлік хабарламасында.

Айта кетейік, 7 қазаннан бері ХАМАС шабуылынан Израильдің 1200-дей тұрғыны қаза тапты.

×

Редакция

$ 478.93  534.96  5.16