Аяз, боран: тасжолда қалған 140-тан аса адам құтқарылды

Оның ішінде 13 бала бар

Sarbaz.kz редакторы
13/12/2023 - 17:58

Фото: ҚР ТЖМ

Фото: ҚР ТЖМ

Ауа райының нашарлауына байланысты (қатты боран, желдің күшеюі, нашар көріну, жауын-шашын, көктайғақ) автокөліктің барлық түрлері үшін республикалық және облыстық маңызы бар автожолдардағы қозғалысқа шектеу енгізілді. Өткен тәулікте ТЖМ құтқарушылары 140-тан астам адамды, оның ішінде 13 баланы құтқарды. Жалпы авариялық-құтқару және іздестіру-құтқару жұмыстарына 78 шығу жасалды. Бұл туралы Sarbaz.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомствоның хабарлауынша Абай облысы Жарма ауданының Қалбатау ауылында облыстың автожолдарындағы қозғалыстың шектелуіне байланысты «Семей-Талдықорған» бағытында кетіп бара жатқан жолаушылар автобусынан ТЖД күштері 22 адамды, оның ішінде 1 баланы көрші Жаңаөзен ауылының жылыту пунктіне орналастырды. Оларға медициналық көмек қажет емес.

«Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының Қалыбай кентінен 27 км жерде «Самара-Шымкент» автожолының 1104 км ТЖД және жергілікті атқарушы органдардың күшімен «Мәскеу-Душанбе» бағытында кетіп бара жатып, бұзылған жолаушылар автобусынан 62 адам, оның ішінде 8 бала Ырғыз кентіндегі жылыту пунктіне эвакуацияланды. Барлығы Тәжікстанның азаматтары. Оларға медициналық көмек қажет емес.

Жамбыл облысының Байзақ ауданында «Алматы-Ташкент-Термез» автожолында ТЖД күшімен бұзылған екі жолаушылар автобусынан 53 адам, оның ішінде 3 бала жол бойындағы дәмханаға эвакуацияланды. Барлығы Өзбекстанның азаматтары.

Сонымен қатар, Түркістан, Ақтөбе және Алматы облыстарында 3 шопан іздестірілді. Олардың екеуі медициналық көмекке мұқтаж емес, біреуі ауруханаға жеткізілді.

Қыста төтенше жағдайларды болдырмау үшін, ең алдымен, ауа райының өзгеруін, метеорологиялық ақпаратты, ауа-райының нашарлауы туралы арнайы хабарламаларды, жолдардың жабылуын, дауылды ескертулерді үнемі қадағалап отыру қажет.

Алайда, ескертуге қарамастан, азаматтар ауа-райы жағдайлары мен құтқарушылардың ұсыныстарын елемеуді жалғастыруда», - делінген министрлік хабарламасында.

ТЖМ дауылды ескерту кезеңінде алыс сапарға шықпауға кеңес береді. Сонымен қатар, ауа райы нашарлаған кезде ауылдық жерлерде тұратын тұрғындарға алыс қашықтыққа жаяу жүруден бас тартуды ұсынамыз.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91