Астана-Петропавл тас жолында бұзылған автобустан 31 шетелдік құтқарылды

Эвакуацияланған адамдар Көкшетау қаласындағы жылу пунктіне жеткізілді

Sarbaz.kz редакторы
13/12/2023 - 17:24

Sputnik / Абзал Қалиев

Sputnik / Абзал Қалиев

Бүгін түнде Астана-Петропавл тас жолында Тәжікстанның 31 азаматы, оның ішінде екі бала эвакуацияланды. Бұл туралы Sarbaz.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Эвакуацияланған адамдар Көкшетау қаласындағы жылу пунктіне жеткізілді. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін, осы жылдың 9 желтоқсанында құтқарушылар 28 шетелдікті эвакуациялады.

«Ақмола облысының Төтенше жағдайлар қызметі төтенше жағдайға тап болсаңыз, дереу 112-ге хабарлауыңызды ескертеді», - делінген министрлік хабарламасында.

Айта кетейік, «Қазгидромет» РМК СҚО-да ауа температурасы -40 градусқа дейін баратынын хабарлаған болатын.

Тегтер

×

Редакция

$ 481.84  531.33  5.07