«Ресей әскері соғысты 3100 танкпен бастады, олардың 2200-інен айырылды».
АҚШ барлау қызметінің есебіне сәйкес, Украинада соғыс басталғалы бері Ресейдің 315 мың әскери қызметкері қаза болғанын мәлім етті. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Баяндамада Ресей әскерінің жеке құрамы мен техникасының шығындары Ресейдің әскери дамуын 18 жылға тежейді деп көрсетілген.
Өз кезегінде Ресей шенеуніктері соғыста қаза тапқан ресейліктердің саны батыстың БАҚ беттерінде асырмалап көрсетілген деп мәлімдеді.
«Шығынның ауқымы Ресейді өзінің жауынгерлік қабілетін сақтау үшін ерекше шаралар қабылдауға мәжбүр етті. Ресей 2022 жылдың соңында 300 000 әскери қызметкерді ішінара жұмылдыру туралы жариялады және сотталғандар мен қарт азаматтарды қабылдауға рұқсат беру стандарттарын жеңілдетті», - деп жазады Reuters.
Агенттіктің мәліметінше Ресей әскері соғысты 3100 танкпен бастады, олардың 2200-інен айырылды. Осыған байланысты 1970 жылдары шығарылған T62 танктерімен осы күштерді толықтыруға мәжбүр болды. Қазір майданда тек 1300 танк қалды.
Киев өзінің шығындарын мемлекеттік құпия ретінде қарастырады, ал шенеуніктер бұл санды жариялау оның әскери күш-жігеріне зиян тигізуі мүмкін дейді. New York Times-тың тамыз айындағы есебіне қайтыс болған украиндар саны 70 000-ға жақындаған.