Алматыда жанып жатқан үйден бес адамнан тұратын бүтін бір отбасы құтқарылды

Оқиға Наурызбай ауданында болған

Sarbaz.kz редакторы
12/12/2023 - 23:06

Фото: ҚР ТЖМ

Фото: ҚР ТЖМ

2023 жылғы 11 желтоқсанда сағат 03.03-те Алматы қаласы  ТЖД пультіне Наурызбай ауданы, Таусамалы шағын ауданы, Сәдуақасұлы көшесі, 125 үй мекенжайында шыққан өрт туралы хабарлама келіп түсті. Бұл туралы Sarbaz.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Аға инженер, кезекші ауысымның басшысы, азаматтық қорғау капитаны Ж. Әкетай өтініш берушімен байланысып, жеке тұрғын үйдің ашық отпен жанып жатқаны туралы ақпарат алды.

«Өрт орнына келгеннен кейін өрт сөндіру басшысы үйде адамдардың болуына барлау жүргізу, сондай-ақ өртті сөндіруге оқпандарды бере отырып, өртке қарсы  іс-әрекет өрістету туралы бұйрық берді.

Барлау жүргізу барысында бөлімше командирі  Ш. Таипов, аға өрт сөндіруші Ж Мамыт адамдарды тапты, олар шок күйінде болған.

Кезекші ауысымның нақты және үйлесімді әрекеттерінің арқасында отбасы мүшелерінің өліміне және жарақаттануына жол берілмеді. Ер адам, әйел, жігіт пен екі қыз құтқарылды. Өрт 03:24-те оқшауланды, 3:40-та толығымен жойылды», - делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.

Сонымен қатар, үйлесімді жедел іс-қимылдардың арқасында тұрғын үйдің бөлмелеріне оттың таралуына жол берілмеді және сөндіру жұмыстары кезінде су төгілуінен туындайтын  материалдық шығын барынша азайтылды.

×

Редакция

$ 485.11  523.82  5.02