Қазақстан отандық кеме өндірісін қолға алады

Үкімет отырысында министр мәлімдеді

Sarbaz.kz редакторы
12/12/2023 - 22:54

Фото: gov.kz

Фото: gov.kz

Көлік министрі Марат Қарабаев Өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы кеме өндірісі қолға алынатынын мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Көлік министрі бұл туралы Үкімет отырысында мәлім етті.

«Қазіргі таңда «ҚазақстанТеңізФлоты» компаниясы кемелердің жаңа моделін жобалауда. Ол жобаларды Өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы қаржыландыру мүмкіндігі қарастырылады. Кеме зауытының өндірісін бастапқы кезеңде Каспий жағалауында орналасқан нысандардың базасында бастау жоспарланып отыр. Атап айтқанда, металл құрастыру жұмыстарын жүргізуге мүмкіндігі бар «ЕрСай» компаниясының әлеуетін қолдану қарастырылған», - деді министр.

Оның сөзінше, жобаны іске асыруға «YDA», «Asfat» және «ADP» компаниялары қызығушылық танытып отыр, деп жазады Kazinform агенттігі.

«Оған қоса, 150-ден астам кемені жөндеу қажет. Олар да осы отандық кеме зауытында жөндеуден өтеді», - деді Марат Қарабаев.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85