Түркия, Қытай, Израиль, Оңтүстік Корея: Қазақстан ұшқышсыз ұшатын аппараттар бойынша келіссөздер жүргізген елдер

Министрліктің ресми жауабында айтылған

Sarbaz.kz редакторы
12/12/2023 - 21:13

Фото: Қорғаныс министрлігі

Фото: Қорғаныс министрлігі

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі ұшқышсыз басқарылатын аппараттар өндірісін құру жоспары туралы түсінік берді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

«Ұшқышсыз басқарылатын аппараттарды шығару бағытана тоқталсақ, әскери-техникалық ынтымақтастық аясында қорғаныс өнеркәсібі кешенінің отандық кәсіпорындары Түркия, Қытай, Израиль, Оңтүстік Корея және басқа да елдердің жетекші компанияларымен бірлесе бірқатар жобаны жүзеге асырып жатыр. Бұл тұрғыда түрлі үлгідегі ұшқышсыз басқарылатын аппараттарын өндіру және оларға қызмет көрсету жөніндегі технологияларды игеру жобалары қамтылған», - делінген Өнеркәсіп министрлігінің хабарламасында.

Сонымен қатар, қорғаныс өнеркәсібі кешеннің жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарында мықты мамандардың және өндірістік қуаттардың қамтамасыз етілуіне байланысты жақын арада ұшқышсыз аппараттарды шығаратын жаңа зауыттар салу қарастырылмаған.

«Қазақстан Республикасының аумағында («Қазақстан инжиниринг» ЖШС, «Kaz Tech Innovations» ЖШС, «Bet Sky» ЖШС, «SC Tech» ЖШС, «Smartplane» ЖШС және басқалары) бірқатар кәсіпорын бар екенін атап өткен жөн. Олар өз күшімен ішкі нарыққа да, экспортқа да әскери және қосарлы мақсаттағы ұшқышсыз басқарылатын аппараттарын даярлау және өндіру бойынша жұмыстарды атқарып жатыр», - делінген аталған ведомствоның ақпаратында.

Айта кетейік, бүгін Қазақстанның Қарулы Күштері Түркияның «Anka-S» техникасымен толыққаны туралы ақпарат жарияланды.

×

Редакция

$ 490.84  536.88  5.04