Ұлттық ұлан жауынгерлері Қостанайда үйінді астында қалғандарға көмектесті

Жүк көліктері бекетінде газ жарылған болатын

Sarbaz.kz редакторы
12/12/2023 - 20:14

Фото: Polisia.kz

Фото: Polisia.kz

Ұландық жауынгерлер үйінді астында қалған қостанайлық азаматтарға көмектесті. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

11 желтоқсан сағат 12:36 шамасында Қостанай қаласының іргесіндегі Амангелді елді мекені (Краснопартизан), Энергетиктер көшесінде орналасқан КамАз орталығы жалға алып отырған жүк көліктері бекетінде газ жарылды. Салдарынан бір қабатты ғимарат опырылып, бірнеше адам қирандылар астында қалған.

Жарылыстан тұтанған өртті сөндіру және үйінді астында қалған адамдарды іздестіру-құтқару жұмысына 263 төтенше жағдай қызметкері мен 61 техника жұмылдырылды.

Жарылыс салдарымен күрес жұмысына Қостанай қаласындағы Ұлттық ұланның 6697 әскери бөлімінің жеке құрамы да атсалысты. Ұландық сарбаздар үйінді астында қалған адамдарды құтқаруға көмек берді.

Іздеу-құтқару жұмысының нәтижесінде 12 адам құтқарылған. Өкінішке қарай, 3 адамды аман алып қалу мүмкін болмады. Қазіргі сәтте жарқыншақ тиіп жараланғандар және үйінді астынан табылған бірнеше адам ауруханаларда емделіп жатыр.

Айта кетейік, Қостанай қаласының ПБ ҚР ҚК-нің 292-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады.

Тегтер

×

Редакция

$ 476.27  515.47  5.41