Динара Сәтжан: Сарбаздың анасы ретінде ұлымның қай жерде қызмет ететінін білу маңызды

Оның ұлы Мемлекеттік күзет қызметі сапында борышын өтеп жүр

Sarbaz.kz редакторы
12/12/2023 - 18:32

Қарулы күштердің ең үлкен гарнизоны «Гвардейскіге» қазақстандық танымал журналист және тележүргізуші Динара Сәтжан келді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«Сарбаздың анасы ретінде, мен үшін ұлымның қандай жерде қызмет атқаратынын білу маңызды», - дейді Динара Сәтжан.

Айта кетейік, биыл күзде Динара Сәтжан ұлы Даниал Өскенбайды әскерге шығарып салған болатын. Оның ұлы Мемлекеттік күзет қызметі сапында борышын өтеп жүр.

«Армия – бұл төзімді болуға үйрететін өмір мектебі. Менің өзіме ұнайтын «шыдамдылық біткен жерде, төзімділік басталады» деген сөз бар. Ер адамдар үшін бұл өте маңызды. Балалар үшін бұл интернетсіз, гаджетсіз өтетін бір жыл болмақ. Алайда бұл уақыт текке кетпейді, Отанға, өзіңе арналатын жыл.  Мұндай кезеңнен кез келген адам өтуі керек деп ойлаймын», – деген еді танымал журналист баласын әскерге шығарып салу рәсімінде.

Тегтер

×

Редакция

$ 476.27  515.47  5.41