Өрт салдарынан елдімекен толығымен жарықсыз қалды
Солтүстік Қазақстан облысындағы ауылдардың бірінде әкімдік ғимараты өртеніп кетті. Бұл туралы Петропавлньюс порталы ақпарат таратты, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Воскресеновка ауылында әкімдік ғимараты өртеніп жатыр», - делінген хабарламада.
Воскресеновка ауылдық әкімдігінде болған өрт салдарынан елдімекен толығымен жарықсыз қалды.
Өрт 12 желтоқсанға қараған түні болған.