Қатты аяз техногендік өрттердің көбеюіне ықпал етуі мүмкін
Астанада аптаның басы аяздан басталды. Алдағы күндері ауа температурасы 33 градустан төмен түседі деп болжанған. Қала тұрғындары мен қонақтарынан жарақат алу мен үсік шалу секілді қиын жағдайға ұшырамас үшін ұзақ уақыт көшеде болмауы қажет. Бұл туралы Sarbaz.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
«Қазгидромет» мәліметінше, 11-13 желтоқсан күндері ауа температурасы түнде және күндіз -33 градусқа дейін төмендейді.
Осыған байланысты қауіпсіздік шараларын сақтау ұсынылды:
«Қатты аяз техногендік өрттердің көбеюіне ықпал етуі мүмкін. Осыған байланысты біз жоғары қуатты электр құрылғыларын бір уақытта қосу арқылы пештерді қыздырмауға немесе электр желілеріне шамадан тыс жүктеме түсірмеу туралы кеңес береміз.
Сондай-ақ көлік иелеріне ашық оттың көмегімен автомобильдерді жылыту қаупі туралы еске саламыз», - деп жазылған хабарламада.