Құтқарушылар ТЖ орнына барлығы 1253 рет шыққан
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі елімізде өткен аптада 315 төтенше жағдай тіркелгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
Төтенше жағдайлардың ішінде 6-ауы – табиғи сипатта, ал 309-ы – техногендік сипаттағы.
Министрліктің хабарлауынша құтқарушылар ТЖ орнына барлығы 1253 рет шыққан. Оның барысында 159 адам (40 бала) құтқарылып, 59 адам (10 бала) эвакуацияланды.
«112 құтқару қызметіне 137 мыңнан астам қоңырау келіп түсті және 96 дауылды ескерту жіберілді», - делінген хабарламада.