Ержан Саденов: Есірткі тұтынушылар арасында Telegram мессенджері танымал

Есірткі таратушылар бір-бірін танымайды

Sarbaz.kz редакторы
11/12/2023 - 18:36

Фото: turkystan.kz

Фото: turkystan.kz

ІІМ басшысы Мәжілістегі Үкімет сағатында киберкеңістіктегі есірткі бизнесіне қарсы күрес туралы айтты. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«Қазір есірткі қылмыстары толығымен киберкеңістікке қарай өтті», – деді Мәжілістегі Үкімет сағатында ішкі істер министрі Ержан Саденов.

Бұл ретте «крипто-кошелек», «мессенджер» және басқа да инновациялар қолданылуда. Күресу тәсілдері де үнемі жаңарып отырады. «Киберқадағалау» жүйесі арқылы анықталған есірткі сайттары бұғатталады. Оның көмегімен 3 мыңнан астам интернет-ресурс бұғатталды. Тыйым салынған контентті автоматты түрде іздеу арнайы бағдарламамен қамтамасыз етіледі.

Министрдің айтуынша есірткі тұтынушылар арасында «Телеграм» мессенджері танымал. Есірткі таратушылар бір-бірін танымайды, барлық байланыс түрлері «боттар» арқылы жүргізіледі. Мұнда бізге еріктілер және басқа да белсенді азаматтар көмектеседі.

Сонымен қатар Жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшелерімен соңғы отырыста осы жұмысқа жасанды интеллект қосу бастамасы ұсынылды. Мәселені пысықтау үшін Кеңестің ұсынысы бойынша ІІМ-нің есірткіге қарсы штабына IT-мамандар қосылатын болады.

Жыл басынан бері чаттар, арналар, сайттар секілді 6 мыңнан астам ақпараттандыру объектілері әрекеттерінің жолы кесілді. «Телеграмда» 1,3 мың интернет-дүкен жабылды.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91