БҚО-да тұрғын үй өртеніп, екі адам қаза болды

Өрт аумағы шамамен 15 шаршы метрді қамтыды

Sarbaz.kz редакторы
11/12/2023 - 16:38

Фото: БҚО ТЖД

Фото: БҚО ТЖД

Батыс Қазақстан облысында тұрғын үйлердің біріндегі өрт орнынан екі адамның мүрдесі табылды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 10 желтоқсан күні Бәйтерек ауданы Садовое ауылында болды.

«Сағат 07.25-те жеке үйдің төбесі мен жеке заттар жанған. Өрт аумағы шамамен 15 шаршы метрді қамтыды. Оқиға орнынан 40 және 30 жастағы ер адамның денесі табылды. «Тілсіз жау» сағат 08.29-да оқшауланып, 08.55-те ауыздықталды. Жалынды сөндіруге 21 адам 6 техникамен жұмылдырылды. Өрттің шығу себебі, келтірілген шығын анықталу үстінде», деп хабарлады ведомстводан.

Тегтер

×

Редакция

$ 471.83  505.66  5.4