Сайлауда кандидат ретінде 32 азамат тіркелген
Қызылорда облысында аудандық маңызы бар 11 қала, кент, ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өтіп жатыр, деп хабарлайды Sarbaz.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.
Таңғы сағат 7.00-де учаскелерде дауыс беру басталды. Алғашқы келген тұрғындарға сыйлықтар үлестірілді. Барлығы 51 сайлау учаскесі құрылған. Онда барлығы 81 мыңнан астам сайлаушы бар.
Саяси маңызды шара Қызылорда қаласы, Арал, Қазалы, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандарына қарасты Арал, Қазалы қалалары, Әйтеке би, Тасбөгет кенттері, Талсуат, Қаратерең, Қамыстыбас, Майлыбас, Бесарық, Бестам, М.Нәлібаев ауылдық округтерінде өткізіліп жатыр.
Айта кету керек, сайлауда кандидат ретінде 32 азамат тіркелген. Олардың 26-сы өзін-өзі ұсыну тәртібімен сайлауға түсіп жатыр.
Еске сала кетейік, жыл басынан бері осы кезге дейін аймақта 26 ауыл әкімі сайланды.