Астанада азаптауға қарсы мәселелер талқыланды

Жиында азаптау үшін қылмыстық жазаның ең жоғары мерзімін 12 жылға дейін ұлғайту ұсынылды

Админ
10/12/2023 - 18:48

Сыртқы істер министрлігі

Сыртқы істер министрлігі

Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенконың төрағалығымен «Адами өлшем жөніндегі диалог алаңы» консультативтік-кеңес органының (ККО) қорытынды отырысы өтті, деп хабарлайды Sarbaz.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отырыс аясында азаптауға қарсы іс-қимыл шаралары талқыланды. Сондай-ақ 2023 жылы «АӨДА» ККО жұмысының қорытындысы шығарылды және 2024 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.

Роман Василенко қатысушыларды ККО алаңында енгізілген азаматтық сектордың ұсыныстарын имплементациялау бойынша 76 ірі заңнамалық бастамалар туралы хабардар етті. Бүгінде бұл ұсыныстар мемлекеттік органдардың қарарында.

Атап айтқанда, адам құқықтары жөніндегі Ұлттық орталықтың басшысы Салтанат Тұрсынбекова азаптаудың алдын алудың ұлттық тетігін терең заңнамалық жаңғыртуды атап өтті. Ол азаптауға байланысты қылмыстарды сотқа дейінгі тергеуді прокуратураның айрықша тергеуіне беру туралы айтты.

Бұл тергеудің объективтілігі мен бейтараптығын қамтамасыз етеді, құқық қорғау саласындағы озбырлық үшін жазаның бұлтартпастығын растайды. Салтанат Тұрсынбекова азаптау үшін қылмыстық жазаның ең жоғары мерзімін 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейін ұлғайтуға да аса назар аударды.

Өз кезегінде ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі Комитетінің бірінші орынбасары А.Қадырбеков заңнаманы жетілдіруге бағытталған құқықтық және құрылымдық реформаларды белгіледі.

Атап айтқанда, сотталғандардың ҚР мемлекеттік органдарына және адам құқықтары жөніндегі уәкілге электрондық өтініштерді жолдау терминалдары іске қосылды. Осы жылдан бастап тергеу-қамауға алынғандар мен сотталғандарды медициналық қамтамасыз етуді ІІМ-нің қарауынан Денсаулық сақтау министрлігіне беру, сондай-ақ барлық «соқыр аймақтарды» қоса, Пенитенциарлық мекемелерде үздіксіз бейнебақылау енгізу маңызды кезең болды.

Күн тәртібінің бірінші мәселесін талқылау барысында Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы ұлттық алдын алу тетігі (ҰАТ) үйлестіру кеңесінің мүшесі Б.Жақаев азаптауға қарсы Конвенция шеңберінде қабылданған халықаралық міндеттемелерге «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы» ҚР Заңының сәйкес келмеуі туралы мәселені көтерді.

Сонымен қатар, ол әкімшілік мекемелерде санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы талаптардың жеткіліксіз орындалғанын атап өтті. Осыған байланысты, кейіннен заңға тәуелді актілер қабылданбайтын барлық мекемелерде барлық ұсталғандарды ұстау шарттары бойынша бірыңғай императивті норманы көздейтін кодификацияланған заң қабылдауды ұсынды .

Мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ өкілдері Адам құқықтары саласындағы заңнамалық базаны жүйелі түрде жақсарту үшін практикалық ұсыныстар берді.

×

Редакция

$ 522.49  547.88  5.06