Қазақстан Палестинаға гуманитарлық жүк жіберді

Гуманитарлық жүкті тиеуді ТЖМ 28237 әскери бөлімінің күштері жүзеге асырды

Админ
10/12/2023 - 15:15

ТЖМ

ТЖМ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Палестина халқын қолдауға гуманитарлық көмек жіберілді, деп хабарлайды Sarbaz.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Палестинаға гуманитарлық жүк тиеген Төтенше жағдайлар министрлігінің ұшағы Мысырға ұшты.

Мемлекеттік материалдық резервтен азық-түлік және төсек-орын жабдықтары түріндегі гуманитарлық жүк, сондай-ақ "СК-Фармация" ЖШС дәрілік заттары мен медициналық бұйымдары жүк ұшағымен жіберілді.

Тізбеде барлығы 14 тауар түрі бар. Жүктің жалпы көлемі 38 тоннадан асады.

Гуманитарлық жүкті тиеуді ТЖМ 28237 әскери бөлімінің күштері жүзеге асырды.

Жүк «Қызыл Жарты Ай» қоғамының өкілдеріне берілетін болады.

Тегтер

×

Редакция

$ 483.23  534.74  5.12