Ақтөбеде кәмелетке толмаған үш қызды полиция іздестіріп жатыр

8 желтоқсанда полицияға "Аяла" кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы тәрбиешісінің көмекшісі хабарласқан

Админ
09/12/2023 - 19:35

Polisia.kz

Polisia.kz

Оның айтуынша, сағат 23:00 шамасында орталықтың үш тәрбиеленушісі терезені сындырып қашып кеткен, деп хабарлайды Sarbaz.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Олар Мырзакенова Манар Абайқызы - 05.06.2006 ж.т. Бойы 160 см, дене бітімі орташа, шашы қара. 

Тезекбаева Амина Иманқұлқызы - 14.03.2006 ж.т. Бойы 165 см, дене бітімі арық. Шашы қоңыр. Сол жақ иықта меңі бар.

Дошонова Жұлдызай Мұратбекқызы - 01.10.2006 жылы туған. Сұры түсті спорттық киім киген.

Іздеуге полицияның кешенді күштерінің нарядтары, еріктілер бағытталған. Кәмелетке толмағандардың орналасқан жері туралы ақпараты бар барлық азаматтардан “102” немесе 8 771 785 1058 телефондарына қоңырау шалуды сұраймыз, - дейді полицейлер.

Тегтер

×

Редакция

$ 476.27  515.47  5.41