Семейдегі зауыттың қызметкерлеріне 9 ай бойы жалақы төленбеген

Мәселе облыс прокуратурасының араласуымен шешілді

Админ
09/12/2023 - 17:26

pixabay.com

pixabay.com

Облыс прокуратурасы қызметкерлердің еңбек құқықтарының сақталуына тұрақты мониторинг пен бақылауды жүзеге асырады, деп хабарлайды Sarbaz.kz  Абай облысының прокуратурасына сілтеме жасап. 

Облыс прокуратурасының үйлестіруімен 90 млн. теңгеден астам жалақы қарызы өтелді.

Атап айтқанда, Еңбек Кодексінің талаптарын бұза отырып, «Семей машина жасау зауыты» АҚ-ның 125 қызметкеріне 9 ай бойы жалақы төленбеген.

Прокуратура басшылығы облыс әкімдігімен және уәкілетті органдармен бірлесіп, бірқатар шаралар қабылдады.

Нәтижесінде жалақы бойынша берешек толығымен өтелді, сол арқылы 125 қызметкердің құқығы қорғалды.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91