46 градус аяз: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Атмосфералық фронттардың әсерінен республиканың шығысында қар жауады

Sarbaz.kz редакторы
08/12/2023 - 16:31
206
Фото: РИА Новости / Илья Наймушин
Фото: РИА Новости / Илья Наймушин

«Қазгидромет» РМК 9-11 желтоқсан күндеріне арналған үш күндік ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш тәулікте арктикалық антициклонның әсерінен республиканың басым бөлігінде жауын-шашын тоқтап, аязды ауа райы күшіне мінеді.

Ал атмосфералық фронттардың әсерінен республиканың шығысында қар жауады.

«Қазақстанның оңтүстік-батысында және оңтүстік облыстарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Республиканың оңтүстігінде тау бөктерінде және таулы аймақтарда қатты қар жауады.

Ауа температурасы түнде солтүстік-батыста 20-37 градус аязға дейін, солтүстікте 30-38 градус аяз, республиканың қиыр солтүстігінде 40-46 градус аязға дейін суытады. Орталықта және шығыста күн 25-35 градус аязға дейін төмендейді. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстік облыстарда тұман болжанады», - делінген синоптиктер болжамында.

×

Редакция

$ 449.88  486.64  4.83