Ресейдің Украинаға соққысы: қанша зымыран атылғаны белгілі болды

Зымыран шабуылын 7 ресейлік ұшақ жүргізді

Ануар Маратов
08/12/2023 - 15:57
181
Фото: Ресей Қорғаныс министірлігі; Ту-95МС зымыран тасығыш ұшағы.
Фото: Ресей Қорғаныс министірлігі; Ту-95МС зымыран тасығыш ұшағы.

Украинаның Әуе қорғаныс күштері 8 желтоқсан күні таңертең ұшырылған 19 ресейлік қанатты зымыранның 14-ін атып түсірді. Бұл туралы Украина Әуе күштерінің спикері Юрий Игнат телемарафон эфирінде айтты, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі УНИАН-ға сілтеме жасап.

«Бастапқыда 7 Ту-95МС зымыран тасығыш ұшақтардан 19 Х-101 және X-555 зымырандары ұшырылды. Әуе шабуылына қарсы қорғаныстың нәтижесі жаман емес 14 қанатты зымыран жойылды», - деп атап өтті Юрий Игнат.

Ол Киев пен Днепропетровск облыстарында зымырандар жойылғанын түсіндірді. Оның айтуынша, зымырандар алдымен Днепр қаласына бағытталды. Бірақ аспанда зымырандардың бір бөлігі бұрылып, Киевке бет алды, ал бір бөлігі Днепропетровск облысындағы инфрақұрылым нысандарына тиді.

«Өкінішке қарай, бәрін атып түсіру мүмкін болмады. Опат болғандар мен зардап шеккендер туралы хабарланды. Мұндай қорқынышты оқиғалар енді болмайды деп үміттенейік», - деді Игнат.

×

Редакция

$ 449.88  486.64  4.83