Бұл өзгеріс қағидаларды әскери білім беру саласындағы қолданыстағы нормаларға сәйкес келтіру мақсатында енгізілмек
Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында азаматтық қызметші лауазымдарын қоспағанда, педагог жұмыскерлер мен оларға теңестірілген адамдар, ғылыми қызметкерлер лауазымдарына орналасу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 39 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» қорғаныс ведомствосы басшысы бұйрығының жобасын дайындады. Бұл туралы Sarbaz.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Аталған нормативтік құқықтық акт «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы»2005 жылғы 7 қаңтардағы ҚР Заңының 22-бабы 2-тармағының 26-21) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Бұл өзгеріс қағидаларды әскери білім беру саласындағы қолданыстағы нормаларға сәйкес келтіру мақсатында енгізілмек.
Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде биылғы жылдың 22 желтоқсанына дейін мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14834317 сілтеме бойынша танысуға болады.