Қоғам мен мемлекетке келтірілген шығын 6,3 млрд теңгеден астам соманы құрады
Алматы қаласының прокуроры Серік Кәріпбековтің айтуынша, соңғы 3 жылда ҚК-нің 273-бабы бойынша (терроризм актісі туралы жалған хабарлама) 400-ге жуық қылмыс тіркелген. Бұл туралы Sarbaz.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Сонымен қатар, Алматы прокуратурасы мен Қазақтелеком мектептердегі «жалған терроризмнің» 6 фактісін алдын алды.
Қоғам мен мемлекетке келтірілген шығын 6,3 млрд теңгеден астам соманы құрады.
«Осыны ескере отырып, мемлекеттік мекемелерге кіріс қоңырауларын екшеудің технологиялық әдістерін қолдану туралы шешім қабылданды.
Антифрод оператор жүйесі нақты уақыт режимінде сигналдардың әлемнің әртүрлі елдерінен келетінін анықтады және мектеп телефондарына қоңыраулардың келіп түсуіне жол бермеді», - делінген хабарламада.