Қатты жел болған жағдайда жақын маңдағы ғимаратта немесе қауіпсіз жерде жасырыну қажет
Дауыл туралы ескертулер жариялаған кезде, әсіресе қараңғы уақытта алыс жерлерге сапарға шығудан бас тартып, жаяу жүруден аулақ болыңыздар. Бұл туралы Sarbaz.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомствоның мәліметінше, ауа райы жағдайы мен автожолдардағы көлік қозғалысының шектеулері туралы ақпаратты бақылаңыздар.
Қатты жел болған жағдайда жақын маңдағы ғимаратта немесе қауіпсіз жерде жасырыну қажет. Ағаштардан, ілулі тұрған конструкциялардан, электр желілерінен және билбордтардан аулақ болыңыздар.
«Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар.
Қатты аяз техногендік өрттердің көбеюіне ықпал етуі мүмкін. Осыған байланысты біз жоғары қуатты электр құрылғыларын бір уақытта қосу арқылы пештерді қыздырмауға немесе электр желілерін шамадан тыс жүктемеуге кеңес береміз.
Автокөлік иелеріне ашық оттың көмегімен автомобильдерді жылыту қаупі туралы еске саламыз.
Барлық оқиғалар туралы 112 немесе 101 телефондарына хабарласуыңызды сұраймыз», - делінген министрлік хабарламасында.