Еліміздің оңтүстігінде әскери бөлімдер жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтірілді

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының бөлімшелері жаңа оқу кезеңіне кірісті

Sarbaz.kz редакторы
07/12/2023 - 22:59

Фото: Видеодан скриншот

Фото: Видеодан скриншот

Қазақстанның оңтүстігіндегі әскери бөлімдер жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтірілді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Осылайша «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының бөлімшелері жаңа оқу кезеңіне кірісті.

«Бірер ай бұрын келген жас сарбаздар біздің әскери бөлімге Отан алдындағы борышын өтеу үшін келді. Жауынгерлік даярлық деңгейі жоғары дәрежесіне келтірілді. Бұл олар үшін жаңашылдық болғанмен, олардың бүкіл тапсырманы орындау үшін тырысып, білуге ұмтылып жүргенін байқауға болады. Олардың көмегімен біздің әскери бөлімнің алдына қойылған бүкіл тапсырманы орындаймыз деп ойлаймын», - дейді «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының полк командирі, полковник Сымбат Тұяқов.

Әскери міндетін атқару кезінде әскери бөлім әлі талай рет жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіріледі.

«Бәрі дәл осындай болады деп күтпеген едім. Жауынгерлік даярлық кезінде бәрін жылдам орындау керек. Киетін киім, қару-жарақ, бәрін жылдам киіп, шапшаң орындау қажет. Бәрі ұнайды. Бұл – әскер, мұндай талап болмаса болмайды», - дейді 28903 бөлімінің сарбазы Кирилл Малков.

Тегтер

×

Редакция

$ 475.39  513.37  5.4