Ресейде оқушы қыз мектепте атыс шығарды

Қазір оқиға орнында полиция мен жедел қызметтер жұмыс істеп жатыр

Sarbaz.kz редакторы
07/12/2023 - 20:03

Фото: instagram.com/bryansk_official

Фото: instagram.com/bryansk_official

Ресейдің Брянск қаласында 8-сынып оқушысы мектепте атыс шығарды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

РИА агенттігінің мәліметінше №5 мектеп гимназиясында 8А-сыныбының оқушысы төртінші қабатқа көтіріліп, биология сабағы кезінде атыс ұйымдастырған. Төрт оқушыны жарақаттағаннан кейін өзі суицид жасаған.

Ресейлік БАҚ-тың мәліметінше оқушы қыз мектепке әкесінің қаруын алып барған.

Қазір оқиға орнында полиция мен жедел қызметтер жұмыс істеп жатыр.

Тегтер

×

Редакция

$ 475.39  513.37  5.4