ҚР ДСМ мәліметінше, бүгінде Ұлттық ұлан академиясының 43 курсанты қызылшамен ауырған
Ұлттық ұлан академиясының науқас курсанттарымен байланыста болғандар қызылшаға қарсы екпе алады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
«Ұйымдасқан ұжымдарда қызылшаның өршуі туындаған жағдайда 30 жасқа дейінгі байланыста болған адамдарға тікелей инфекция ошағында вакцинация жүргізіледі, науқастар оқшауланады. Көмек тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетіледі», - деді ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің вакцинамен басқарылатын инфекцияларды бақылау басқармасының бас сарапшысы Наргиз Мұратова ОКҚ брифингінде.
ҚР ДСМ мәліметінше, бүгінде Ұлттық ұлан академиясының 43 курсанты қызылшамен ауырған. Тағы 5 жағдай әзірге белгісіз. Қазір талдау нәтижелері жүргізіліп жатыр. Жағдай аумақтық денсаулық сақтау басқармалары мен санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бақылауында.
Айта кетейік, Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният қараша айының соңында СҚО-дағы Ұлттық ұлан академиясының 17 курсанты қызылша ауруын жұқтырғанын мәлім еткен.